0:00 / 0:00
Мәжіліс депутаттары мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, мүгедектерді 55 жастан зейнеткерлікке шығару керек. Ең бастысы олардың денсаулығын, диагнозын, еңбек сипатын және тағы басқа мәселелерді ескеру қажет. Мәжілісменнің бұл депутаттық асуалы үікметке жолданды. Еске сала кетейік, бұған дейін коммунистер фракциясы жалпы елдегі зейнет жасын 60 жасқа қысқартуды сұраған болатын.
Бүгінде Қазақстанда ересек мүгедектердің саны 600 мыңнан асады. Оның 85 мыңнан астамы жұмыс істейді.Мемлекет тарапынан мүмкіндіг шектеулі жандардың құқығы мен мүддесін қорғауға арналған бірқатар шара атқарылуда. Дегенмен, мүгедектігі қарамастан еңбек етіп жүрген жандардың 63 жасқа дейін жұмыс істеуі қиындық туғызады. Денсаулығының нашарлығынан зейнет жасына жетпей жатқандар да баршылық. Мүгедектігі үшін алатын мардымсыз жәрдемақылары сапалы өмір сүруіне жетпейді. Жәрдемасы дәрі-дәрмегінен аспайды. Сосын да, ел қатарлы жұмысқа шығуға мәжбүр.
Ерлан Смайылов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты " Жас өткен сайын ауру күшейеді және мүгедек адамдарға 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиынға соғады. Соған қарамастан олар жұмыс істеуді жалғастыра береді. Өйткені мүгедектік бойынша алатын жәрдемақы мардымсыз. Сосын зейнетақыны көбірек алу үшін зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеуге мәжбүр"
Бұл оарйда, мәжіліс депутаты үкіметке мүгедектердің зейнет жасын 55 жасқа төмендетуді ұсынды.
Ерлан Смайылов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты "Мүгедектер көп балалы аналар сияқты 55 жаста зейнетке шығуы керек. Зейнетке шыққан мүгедек адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру тетігі жеке пысықтауды қажет етеді. Мысалы, бүгінгі күні мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақыны және қосымша зейнетақының бір бөлігін алуға болады"
Тағдырдың тәлкегіне түскен мүгедек жандардың шығыны көп. Олар дәрі-дәрмегі мен медициналық қызметтерге біраз ақша жұмсайды. Оған қоса, көмекші құрылғыларды сатып алу қажет. Сол себепті мүгедек адамдар зейнетке шыққаннан кейін де еңбек ету құқығынан айырылмауы керек дейді депутат. Айта кету керек, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қамтитын «Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды. Республикада ерекше білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала бар. Жобада білім беру ұйымдарында ерекше балаларға білім беру бағдарламаларын бейімдеу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлеу, білім ордасы басшысының жауапкершілігін арттыру қарастырылған.