Оралдағы Энергия фитнес орталығы "Ashyq" мобильді қосымшасымен жұмыс жасайтын QR кодқа ие болды. Енді кәсіпкерлік нысаны жаңа қаулы күшіне енгізілген соң демалыс күндері де жұмысын жалғастыра береді.Бірінші болып "Ashyq" мобильді қосымшасының QR кодына ие болған жаттығу залы жаңа қаулы күшіне енгенен кейін жұмысын кедергісіз жалғастыра береді. Яғни, келушілер туралы ақпарат кіре берісте тексеріледі. Кейін оның денсаулығы туралы мәлімет белгілі болады. Кәсіпкерлік басқармасы мамандарының айтуынша, QR кодқа ие болған облыстағы 700-ден аса кәсіпкерлік субъектісі жұмысын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік алады. Бүгіннің өзінде 25 компаниядан өтініш түскен. Қосымшаның жұмысына кәсіпкерлік палатасы мониторинг жасайды.Бұл жоба Алматыда сәтті жүзеге асуда. Мегаполистегі кинотеатрлар 17 -ші сәуірден бастап жұмысына кірісетін болады.