Оралда жол таңбалау басталды. Қазіргі таңда тендер ұтқан компания облыс орталығының магистралды көшелерін таңбалау үстінде. Кейін өзге көшелерде жұмысты жалғастырмақ. Жалпы шаһарда 300 шақырым жол таңбалауы тиіс. Бұл жұмыс жылына екі рет ұйымдастырылады.