0:00 / 0:00
БҚО-да жылыту маусымында 186 өрт оқиғасы тіркелген. Қызыл жалынның салдарынан 9 адам жан тапсырып, 7 азамат түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы төтенше жағдай департаментінің мамандары мәлімдеді.
Сәуірдің он екісінен бастап қалада жылыту маусымы аяқталды. Осы маусымды тәмамдаған төтеншеліктер қыс бойы атқарған жұмыстарын түйіндеді. 2020-2021 жылғы жылыту маусымында 186 өрт болған. Тілсіз жаудың көбі тұрғын үй секторында тіркеліпті. Мамандар қызыл жалынның тұтануына мынандай себептер бар,-дейді.
Төтеншеліктер Түркістан мен Жамбыл облыстарында болған қайғылы жағдай қайталанбас үшін үй-үйді аралап тексеріп шықтық дейді. Мамандардың кеңесіне құлақ аспаған жандарға әуелі ескерту жасап, кейін талап орындалмаса айыппұл салынған..
Төтеншеліктер енді жазғы өрттің қауіпті кезеңіне дайындықты бастады. Биылдың өзінде 2 табиғи жану тіркеліпті. Былтыр облыста 19 орман өрті, 67 дала және 300-ден астам табиғи жану болған. Далалық алқапта және орманда тілсіз жаудың таралмауы үшін ауылдық жерлерде өрт сөндіретін ерікті жандардың командасы жасақталып жатыр.
Сурет https://batys.info/ сайтынан жүктелді