0:00 / 0:00
Көктем туып, бау-бақша жұмыстары жандануына байланысты бүгінен бастап Оралдағы қала сыртындағы саяжайларға автобустар қатынай бастады. Жолаушы тасымалдаушылардың уәжіне қарағанда, бау-бақша егушілердің саяжайға барар жолдарының жағдайы мүшкіл.Бұл мақсатқа бюджеттен демеуқаржы бөлінген. Сондықтан жолақы 80 теңгеден аспайды. Шығынның бір бөлігі қалалық қазына есебінен өтелмек. Айта кету қажет, айдың аяғында Учужный затон мен Барбастау саяжайларына адамдар баржа арқылы бара алады. Осы жылы суару күндері саяжайға қатынау тегін болмақ.сМәселен «23 д» қоғамдық көлігі күніне төрт мәрте қатынайды. Ал саяжайлықтар қызметтің бұл түріне көңілдері толмайтынын жеткізді. Саяжайдағы 10 бағыттағы автобустар қазан айының орта шеніне дейін қатынап тұратын болады.