Көше жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Жолдағы ор-шұңғырларды бітеп, тегістеу жұмысы екі ауысыммен атқарылады. Өткен аптада басталған жаңғырту шаралары бірқатар көшелерде аяқтала келген.Биылдан бастап жолдарда ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге бірден үш жылға конкурс жарияланып, жеңімпаз атанған «Адал Арна» ЖШС-мен жалпы 945 млн. теңгеге келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда Абай даңғылының Назарбаев даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұдан бөлек, мұндай жұмыстарға қажеттілік туындаған тағы да бірқатар көшелер жөнделеді. Биыл атқарылатын жұмыстарға 349 млн. теңге бөлінген. Биыл жалпы саны 80-90 көшенің жолына ағымдағы жөндеу жасалады.