Оралдық шаруалар жылыжайлардан жыл сайын 70 тонна жаңа піскен өнім жинайды. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары осындай мәлімдеме жасады. Жалпы облыс орталығында 7 жылыжай кешені бар. Және биыл Зашаған кентінде жаңа жылыжай кешені іске қосылмақ. Қазіргі таңда шаруалар өнімдерін егуде. Мамандар піскен өнімді мамырдың аяғы мен маусымда жинауды жоспарлап отыр. Жиналған өнім жергілікті сауда нүктелерінде сатылады. Балғын жеміс-жидек пен көкөніс сұраныстың тек 30 пайызын ғана қамтамасыз етеді.
Сурет supersadovnik.ru сайтынан жүктелді