Батыс Қазақстан облысында 2 жарым тонна балық тиеп келе жатқан автокөлік ұсталды. Осылайша «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз балық тасымалдаушылардың жолы кесілді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, автокөлік Ақжайық ауданы Бударин ауылы тұсында қолға түскен. 45 жастағы жүргізуші басқарған «Газельді» тоқтатып, тексерген кезде 2500 келі қара балық, сондай-ақ 51 кг бекіре тұқымдас балық анықталған. Тәркіленген балық «Каспий Урал» ЖШС-не сақтауға тапсырылды.