Күн күрт жылынып, өрт қаупі күшейді. Бұл туралы Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мәлімдеді. Өйткені синоптиктер алдағы күндері сынап бағынасы +25 градустан асады деп болжауда. Сақтықта қорлық жоқ! Сол себепті Орал қаласының территориясындағы өрт сөндіру қызметкерлері үшін алдағы күндер қауырт жұмыстарға толы болмақ. Ыстықта ораманды алқаптарда өрт қауіпі күшейеді. Жыл басынан бері 22 өрт оқиғасы тіркелген. Сала мамандары арнайы алдын-алу шараларын жүргізіп, келеңсіз жағдайларды болдырмау ережелерін ескертті.