0:00 / 0:00
Жәңгір хан көшесінде орналасқан "Бином" жанар-жағар май құю бекеті маңындағы тас жолда төтенше жағдай болды. Автокөлік қозғалысына арналған жол төсемінің бір бөлігі опырылып түскен. Оқиға болған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қазір қауіпсіздік мақсатында шұңқырдың маңайы қоршауға алынған.
Тас жолдың опырылуы жеке аумақта болған. Жолдағы шұңқыр су бұру желісіндегі апат нәтижесінде пайда болған көрінеді. Айта кету керек, кәріз коллекторын 2018 жылы мердігер ұйым қызметкерлері салыпты. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған екен.Шаһарымызда кәріз желілерінде апаттар жиі болады. 2020 жылы осындай жағдайдың орын алуы мыңдаған тұрғынды сусыз қалдырған еді.