Биыл облыстың төрт саяжай қауымдастығына газ тартылмақ. Бұл туралы қалалық бағбандар мен бақшашылар қоғамының төрағасы Андрей Заозеров мәлімдеді. Төрағаның сөзіне сенсек, қазіргі таңда саяжайлардың тең жартысына газ жеткен. Бірақ үйге дейін көгілдір отынды тартуда қиындықтар бар. Оның бәрі де қаражатқа келіп тіреледі. Саяжайды паналап отырған отбасылардың жағдайлары мәз емес, көбінің үйіне газ өткізуге қаржысы жоқ. Сол себепті қалтасы көтергені көгілдір отынмен үйін жылытса, қалғандары көмір мен ағаш жағуға мәжбүр. Саяжайдың төрағасы осы баспанаға дейін газ таратын мердігер компаниялардың жұмысын сынға алып отыр. Олар жұмыстарын бас компаниямен келіспей жасап, қауіпсіздікті сақтамайды. Көшелерді қазып, құбыр өткізіп, оны жөнді тегістемей кететін жағдаяттар жиі тіркелетін көрінеді.
Сурет domsgazom.ru сайтынан жүктелді