Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

1 тонна есірткі тәркіленді

c 10:53, 06/04/2021 c 357

0:00 / 0:00

Қазақстанда есірткі айналымы жыл сайын кең етек жаюда. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалаларында, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев айтуынша,   бір тоннадан артық есірткі тәркіленді. Синтетикалық есірткіні өндіру дамып кеткен.

Нашақорлыққа тұрмысы мүшкіл, әке-шешесі ішімдікке салынған отбасыларында ғана емес, бай-қуатты адамдардың да балалары бой алдыруда. Полиция есірткі айналымын қанша бақылауда ұстап, күресті күшейткенімен есірткі өнжрісі елімізде белең алып отыр. Есірткі сатумен айналысатын қылмыстық топ оның өндрісін де жолға қойған. Ал нашаны сатудың қитұрқы жолдарын ойластырған. Интернет нашақұмарлар үшін есірткі іздеуге өте ыңғайлы болып тұр дейді полицейлер. Полициямен 1 тоннадан артық есірткі тәрікленді. Оның ішінде есірткінің түр-түрі бар.

Берікхан Нұрғалиев  - ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы «1 тоннадан артық есірткі тәркіленді. Оның 2 кг героин, 760 кг марихуана, 252 кг гашиш, 25 кг синтетикалық есірткіге тиесілі. Екі қылмыстық топтың заңсыз әрекеті жойылды. Қылмыстық топтың 2 жетекшісі мен 11 қатысушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды».

Ақтөбеде әйел адам түрмеге тәтті орнына марихуана орап өткізбек болса, Петропавлда ерлі-зайыптылар синтетикалық есірткі әзірлеумен айналысқан. Қылмыстық топ есірткі өндіретін зертханаларын арнайы үйлерде ұстаған. Өндіріске қажетті жабдықтар  мен химиялық заттарды ТМД елдерінен сатып алып отырған. Жыл басынан еліміздің бірнеше өңірінде  есірткі өндіретін 8 зертхананың жұмысы жойылған.

Берікхан Нұрғалиев  - ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы «Күні кеше ғана Ақмола облысына қарасты Аршалы ауылында есірткі өндірісінің жолы кесілді. Бұл ауқымды арнаулы опеарциясының қорытындысы саналады. Нәтижесінде еліміздің бірнеше өңірінде 4 зертхана жойылды. Осы операция барысында 20 келіден астам пировалерон, есірткі жасауға қажетті 2 400 литр химикат алынды»

Әсіресе синтетикалық есірткі айналымы етек жайған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.