Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер сенбі күні жұмыс жасауды сұрады

c 18:08, 05/04/2021 c 358

0:00 / 0:00

Бүгін облыстағы сауда үйлерде жұмыс жасайтын бір топ кәсіпкер сенбі күні жұмыс жасауға рұқсат сұрап, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жиналды. Олармен кездесуде облыстың бас санитары Мұқамғали Арыспаев бұл мәселенің жуық арада облыстық штаб отырысында қаралатынын мәлімдеді.Өңір 16 наурыздан бері ауру таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтар тізімінде. Қазірдің өзінде күн сайын 100-ден аса адам қауіпті вирусты жұқтыруда. Індеттің жаңа мутацияланған штамдары таралып жатқанын қарамастан тұрғындар көпшілік жерлерге барудан бас тартар емес. Сауда нысандарын осы орайда демалыс күндері жабу туралы қаулы күшіне енді. Аптаның 6-шы күнінде жұмыс жасуға рұқсат сұрағандар қатарында 20-дан аса кәсіпкер болды. Жиналғандардың уәжіне облыстың бас санитары Мұқамғали Арыспаев жауап қатып, бұл мәселенің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысында қаралатынын айтты. Батыс Қазақстанда өткен тәулікте 105 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.