Өңіріміздің барлық аумағында 2 қазаннан бастап, 15 қарашаға дейін екпе егу акциясы оздырылып жатыр. Ағымдағы жылы облысымызға тегін екпенің 60 мың данасы бөлінген. Қазіргі таңда олардың 94 пайызы жиі науқастанып қалатын балалар мен жүкті әйелдерге егіліпті. Сала мамандары тұмау дерті келер желтоқсанымен ақпан айларында күшеюі мүмкін деген жорамалдарын айтуда.