Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Халық мемлекеттің қарызын өтеуге міндеті емес»

c 19:01, 31/03/2021 c 600

0:00 / 0:00

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар тарапынан үкіметке қояр талаптар мен ұсыныстар легі көп болды. Депутаттық сауалдардың бірі Байқоңыр ғарыш айлағының қызметіне арналды. Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Премьер-министр Асқар Маминге жолдаған сауалында  Байқоңыр маңына қоныстанған халық арасында онкологиялық аурулардың өршіп жатқаны, ғарыш айлағының қоршаған ортаға кері әсері айтылды.  Ал мәжілісмен Андрей Линник мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қолға алынып жобалар қымбатқа түсіп жатыр дейді.

Ресейге жалға берілген Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақстандықтарға келіп жатқан зиян көп. Ғалымдардың мәліметінше, зымыран тасығышының бірінші бөлігінің құлауынан қоршаған ортаға орны толмас зардап келеді. Топыраққа зымыран отынының улы қалдығы сіңеді. Гептил және одан ыдыраған бөліктер сумен топыраққа терең еніп, жер асты суларына жетеді. Осылайша, улы қалдық су құбырлары арқылы жергілікті тұрғындарға жетеді. Сондай-ақ мұндай топырақта өскен өсімдіктер де улы заттарды бөледі. Бұл адамдарға да зиянын тигізуде. Мұның салдарынан өңірдегі халық арасында қатерлі ісік аурулары көбейіп жатыр.

Арман Қожахметов –ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Байқоңыр ғарыш айлағынан ұзақ уақыт бойы «Протон», «Циклон», «Днепр», «Циклон-М» зымыран тасығыштары ұшырылды. Асимметриялық диметилгидразин  немесе жай гептил осы зымырандардың сұйық реактивті қозғалтқыштарында қолданылады. Гептил өте қауіпті: оның бір литр судағы бір микрограмы адамды өлтіріп жібереді»

Байқоңырдан 1959 жылдан бастап ғарыш кемелерін Қазақстан аумағына, Алтай Республикасы мен Алтай өлкесіне 600-ден астам зымыранның сатылары құлаған. Жоғары уытты «қоқыстың» жалпы салмағы 3 мың тоннадан асады.  Қазақстандық ғалымдар жүргізген экологиялық зерттеу құлаған зымыран тасығышының салдарын жоюға және топырақ-өсімдік жамылғысын қалпына келтіруге шамамен 10 жыл керек деп отыр.  Мәжілісмен Қожахметов үікметтен  «Байқоңыр» ғарыш айлағына тікелей іргелес елді мекендерді экологиялық дағдарыс жағдайына дейінгі аумақтарға жатқызуды сұрады. Ал депутат Линник мемлекеттің қарызын халықтың мойнына артуды қою керек деді. Депутаттың айтуынша, елордасы-Нұр-Сұлтанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мектептер құрлысының жобасы әзірленіп жатыр. Құрылыс компаниясы бір мектепті салуға 7,5 млрд теңге жұмсалады деп бағалаған. Ал жәй мектепті мемлекет 1,5 млрд теңгеге салады. Қалада 150 млрд теңгеге 20 мектеп салынбақшы. Яғни елорда салық төлеушілердің қалтасынан қымбатқа салынатын мектептердің ақшасын төлейді. 30 млрд теңгеге қымбатқа түсетін мектептерді, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өзі салса да болады дейді депутат.

Андрей Линник депутат –ҚР парламент мәжілісінің депутаты - « Мұндай мысал, Семей қаласында да орын алып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Семейде 6,8 млрд теңгеге  қоқысты қайта өңдейтін полигон салу жоспары бар. Ал Батыс Қазақстан облысында 200 млн теңгеге дәл осындай полигон салмақ. Яғни Семейдің қоқысы батыс өңірінің қоқысынан 34 есеге қымбатқа түсіп отыр».

Мәжілісменнің айтуныша, мұндай  жүйедегі займдар қазына қаржысын уыстап алуға мүмкіндік беріп отыр. Ал бұл салық төлеушілердің ақшасы екенін ескерсек,халық мемлекеттің қарызын өтеуге міндетті емес дейді Андрей Линник. Қазақстанның сыртқы несиелер бойынша қарызы 160 млрд  долларды құрап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.