Енді азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерін электронды түрде жолдай алады. Бұл дәстүрлі үрдіске балама болмақ. Атаулы әлеуметтік көмек алатын жандар құжаттарын тапсырып немесе төлемнің уақытын ұзартуға өтініштерін еговпен жолдайтын болады. Қазіргі таңда облыста 3000 астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл үшін қазынадан 216 млн. теңгедей қаражат бөлініпті.