Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жекеменшік жатақхана салу мәселесі

c 17:41, 30/03/2021 c 362

0:00 / 0:00

Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Қаржы орталығының" мамандары Ақжайыққа ат басын бұрып, жекеменшік студенттерге арналған жатақхана мен мектеп салудің тиімділігін айтты. Елордалық меймандар "Даму" қорында жергілікті құрылыс компаниялармен жолықты. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасының аясында қажетті мектеп пен жатақхана салу үрдісі басталды. Мемлекет оқу орындары мен студенттер тұратын ғимарат салған кәсіпкермен келісім шарт жасасып, әрбір бала үшін ақы төлеуге дайын.

2022 жылдың аяғына дейін елімізде 75 мың студент жатақханамен қамтылмақ. Орын тапшылығын жою мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады. Қазіргі таңда министрлік 80-нен астам кәсіпкермен келісімшарт жасап жатыр. Аталмыш жобаның тиімді тұстары көп.

Жатақхана салу процесі облыс орталығында жүзеге асып жатыр. Өткен жылы кәсіпкер медициналық колледжге арнап жатақхана салды. Қазір политехникалық колледжде құрылыс жұмыстары басталған.

Мамандардың келтірген мәліметіне сүйенсек, елімізде 168 мектеп тапшы. Мамандар мектептің жетіспеушілігі әсіресе Оңтүстік облыстарда көп байқалады дейді. Жекеменшік мектеп салған кәсіпкерге мемлекет жан басына шаққандағы есеп бойынша қыруар қаржы төлеуге дайын.

Мемлекет пен жекеменшік жатақхана, мектеп салған компаниямен арнайы келісімшарт жасалады. Яғни, жекеменшік компания 20 жылға дейін ғимаратты сата алмайды. Жаңа объекті келісімшартта көрсетілген мерзім ішінде кепілде болады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.