Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адам саудасы

c 20:01, 29/03/2021 c 535

0:00 / 0:00

Жас қыздарды Бахрейн корольдігіне жезөкшелікпен айналысуға апарған қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соңғы екі апта ішінде алданып қалған тағы алты қыз табылды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  республика бойынша адам саудасына қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп, 48 адам жауапқа тартылуда. Қылмыс әлеміндегі жағымсыз жаңалықтардың бірі- хакерлер 300 миллион теңгені жымқырған. Алаяқтар бүгінде қазақстандықтардың ұялы телефонына хабарласып, аңқаулық танытқандардың есеп шотынан ақшаларын шешіп алуда.

Адам саудасы тыйылар емес.  Қазақстан, Байхрейн және Ресей азаматтарынан тұратын трансұлттық қылмыстық ұйым мүшелері еліміздің оңтүтік өңірінен өрімдей жас қыздарды алдап-арбап  Қазақстаннан Бахрейн Корольдігіне  сексуалдық құлдыққа жіберумен айналысқан. Бұларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топ  төрт жыл бойына осы арсыз істі кәсіп қылған. Күдікті ретінде 19 адам белгілі болып, үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған. 15 қамауда отыр. Адам саудасының құрбаны болған 39 қыз зардап шеккен.

Санжар Әділов –ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы "Жалпы біз жәбір көрген 39 адамды анықтадық. Олар – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. Барлығы елімізге қайтарылып, өз отбасыларына жеткізілді. Сонымен қатар, соңғы екі апта ішінде алданып қалған тағы алты қыз табылды. Ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның араласуымен қыздар Бахрейін, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен елге қайтарылды».

Өкінішке орай  адам саудасына қатысты  қылмыс көбейген. Бүгінде 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 48 адам жауапқа тартылуда. Пандемия кезінде оңай ақша табу жолын ойластырған алаяқтардың да заңсыз әрекеті халықтың мазасын кетірді. Қазақстандықтардың ұялы телефонына хабарласып, банк өзін өкілімін деп таныстыратындар, аңқау азаматтардың есеп-шотынан қомақыт қаржы жымқыруда. Полиция өкілі ірі компаниялардың шоттарынан 300 млн теңгені жымқырған хакерлерді ұстадық деп отыр.

Санжар Әділов –ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы «Хакерлер ірі акционерлік қоғамның шотынан 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды. Алматы қаласының тұрғындары ресейлік хакермен бірге акционерлік қоғамның интернет-ресурсында жалған 14 аккаунт құрған. Осы арқылы ақпараттық төлем жүйесіне кірген. Осыдан кейін қосарланған транзакциялар құрып, заңсыз түрде қаражатты еліміздегі және Ресейдегі екінші деңгейлі банктердің төлем карталарына аударып отырған. Сонымен қатар қаражат қазақстандық байланыс операторларының абонент нөмірлеріне аударылған»

Күдіктілер қаражатты бірден қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Ұрланған ақшаны биткоинға айырбастаумен және оны криптоәмиянға аударумен айналысқан. Қазіргі кезде тергеу  жүріп жатыр. Интернет алаяқтық фактілері бойныша қылмыс артып,  27 пайызға жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.