Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дерт дендеп барады

c 18:14, 26/03/2021 c 569

0:00 / 0:00

Коронавирус: БҚО-да бір аптада аурушаңдық 20,8 пайызға өсті. Бүгін, 26 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық эпидемологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермеков Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.Мәселен, күні кеше КВИ инфекциясын 48 адамның жұқтырғаны анықталды. Яғни, өткен аптадағы аурушаңдықтан көрсеткіш аз болса дағы облыс қызыл аймақтар тізімінде қала береді. Өйткені өңірде соңғы төрт күнде 300-ден астам адам коронавирус жұқтырса, ауырғандардың саны мейрам күндері күрт көбейген. Бұл жасырын түрде той, садақа секілді көпшілік іс-шара жасаушылардың тыйылмай отырғанын көрсетеді. Осы орайда Орал қаласы бойынша бірнеше іс сотқа жолданып, жұмысы екі айға тоқтатылған. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауына байланысты мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс жасауға көшіпті.Аурудың тырнағына ілікендердің дені зейнеткерлер және жұмыс істемейтіндер адамдар арасынан анықталған. Сондай-ақ оқушылар арасында жиі тіркелуде. Дағдылы өмір салтына қайта оралу үшін халықтың шамамен 50 пайызы вакцина алуы қажет. Облыс бойынша бүгінге дейін 4331 адам спутинк В препаратын қабылдаған. Айта кететін жағдай Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жаппай вакцинациялау шарасы базарлар мен сауда орталықтарында қолға алынуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.