Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жер заңы мәжілісте

c 18:45, 18/03/2021 c 693

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар асыға күткен Жер туралы заң жобасын Мәжілісте талқылау басталды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға мүлде тыйым салатын заңды мәжіліске жолдағанын хабарлаған еді. Бүгін төменгі палатаның комитет отырысында депутаттарға құжатты  Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов таныстырды.

Жер туралы заң  қазақстандықтарды алаңдататын басты мәселе. Еске сала кетейік, қоғам бұл заңға қарсы болды.  Елде жерді шетелдіктерге сатуға, жалға беруге қарсылық білдірген наразылық шерулер өтті. Сол себепті, 2016 жылы Жер кодексінің жерді сату, жалға беру нормаларына  мораторий енгізілді. Енді сол мораторий мерзімі ағымдағы жылдың соңында аяқталады. Осыған орай  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпан айында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында жерді шетелдіктерге және шетелдік компанияларға сатуға, жалға беруге, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға және қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешім қабылдағанын мәлімдегенді. Енді тиісті тапсырма бойынша әзірленген заң жобасы Парламент қабырғасында майшаммен қаралып жатыр. Қоғам белсенділері шетелдіктерге  жерді сатуға және жалға беруге тыйым салу үшін жер кадастрын ашу қажет деген ұсынысты алға тартты.

Мұхтар Тайжан қоғам белсендісі -«Жер кадастрын ашпасақ, бұл мақсатқа қол жеткізе алмаймыз. Яғни, мемлекет меншігі болып саналатын ауыл шаруашылығы жерлерін кім жалдап отырғанын көруіміз керек. Бұл ақпараттар ашық болуға тиіс және «Жеке деректер туралы» заң еш бұзылмайды, себебі ауыл шаруашылығы жерлерінің 99 пайыздан астамы – мемлекет меншігі. Жалға алушылардың аты немесе заңды тұлғалар атауы ашық бола алады»

Сондай-ақ,  Қазақстан азаматтығын алу талаптарын күшейту мәселесі айтылды. Әлемдік тәжірибеде қандай да бір елдің азаматтығын алу үшін адамдар ең кемі 5 жыл тұруы керек, сол елдің тілі мен тарихы бойынша сынақ тапсырып,ел ішінде заңбұзушылықтар жасамауы керек - дейді Мұхтар Тайжан. Бұл орайда тарихи отанына оралған қандастар азаматтық алғанда ғана жерге қол жеткізе алады

Рүстем Құрманов – ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі -«Олар жеке қосалқы шаруашылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер ала алады. Бірақ ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар. Заң жобасымен Жер кодексі және үш заңға, оның ішінде үш үлкен заңға өзгерістер енгізіліп отыр»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.