Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазынадан фитнес пен спа-ға 40 млн теңге жұмсалған

c 18:45, 17/03/2021 c 481

0:00 / 0:00

Ұлттық компаниялардың басшылары қыруар шығынға қарамастан өздеріне миллиондап сыйақы жаздырады. Ал халықтың салығынан СПА мен фитнеске он миллиондап ақша жұмсап отыр. Бұл жайыда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралған еді.  Талқылау барысында "Ақ жол" фракциясының жетекшісі   Перуашев араны ашылған, ел қазынасын тонап отырған ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындарды сынға алды. Депутаттың бұл пікірін палата төрағасы Нұрлан Нығматулин де қолдады.

Мемлекеттік сатып алулар шенеуніктер үшін пайда табатын майлы жер. Қазына қаржысын әкесінен қалған мұрадай көретін аш-көз жемқорлардың тәбеті таусылар емес. Бұл жағдай Ұлттық компаниялардың сатып алу барысында да орын алуда. Тендер барысында сатып алулар ашық өтпейді. Ұлттық компаниялар сатып алуларды бір көзден жасайды. Мұның арты сыбайлас жемқорлық екені сөзсіз.

Нұрлан Нығматулин –ҚР парламент мәжілісінің төраға «Қазагро холдингі 2018,2019,2020 жылдары бір көзден сатып алулар жасаған. Яғни компания өткізген тендердің 98 пайызы бір көзден болған. Мұндай жағдай ҚазақТуризмде де бар. Ол компания сатып алуларды 100 пайыз бір көзден жасаған. Компаниялар осылай өз ережесімен жүреді. Ойына не келсе, соны жасайды».

Ол аздай, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері өздеріне миллиондап сыйақы жаздырып, СПА мен фитнеске 40 миллион теңге қаржы бөлген. Депутат Азат Перуашев квазисекторда  сыбайлас жемқорлық схемалары үнемі шығады, ал сыртқы қарыздың көп бөлігі осы квазимемлекеттік секторға тиесілі дейді

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, пандемия кезінде дәрі-дәрмек тапшылығынан көз жұмған адамдардың өліміне бей-жай қараған "СК-Фармация"-да ондаған миллион теңге сыйақы төленбес еді. Тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорын салық төлеушілердің ақшасынан өз менеджерлеріне фитнес пен СПА-ға 40 миллион теңге төлейді. Ал бұл тек жұртқа мәлім фактілер ғана".

Айта кету керек, ақжолықтар сатып алуларды бақылау тәртібіне қатысты нормамен келіспейтінін жеткізді. Заң жобасында ұлттық компаниялар сатып алулардың орталықтандырылған қызметінің жұмыс тәртібін айқындайтыны айтылған. Перуашев бұл салада жемқорлық орын алатынын ескеріп, мұнымен келіспейтінін айтты. Сол себепті фракция ұлттық компанияларды бақылау тәртібін олардың өздері емес, тәуелсіз орталықтандырылған қызмет немесе мемлекеттік аудит анықтауы керек деп санайды. Өйткені бұл субъктілер мемлекеттің ақшасын жұмсайды.

Азат Перуашев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Қаржы министрлігі тәртіпті бақылау, бақыламау өздері қадағаласын деп отыр.Қызық логика. Миллиондаған қаражат жүретін жерде  жемқорлық тәуекелдігін назарға алсақ, бұл  түлкіге тауықты бақтыру керек дегенді еске салады».

Дегенмен, «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Жоғарыда айтылған кемшіліктерге жол берілмейді деген сенімде депутаттар. Енді ұлттық компаниялардағы  барлық сатып алулар бойынша бақылау жасалады. Сонымен бірге, отандық өнімдерді қолдауға жол ашылады. Бұл құжат «Самұрық-Қазына» қорының, «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы сомасы жыл сайын шамамен 3,5 триллион теңгені құрайтын 253 ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының қызметін реттейтін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.