0:00 / 0:00
Жастар мәдениет үйінде "Тамыры берік салт-дәстүр" атты фестиваль өтті. Өнер иелері атадан балаға мирас болып, аға буыннан жас буынға жалғасып, ұрпақ сабақтастығын қалыптастырған салт-дәстүрлерден көрініс қойып, әннен шашу шашты.
Оралдық өнер иелері Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай арнайы фестиваль ұйымдастырды. Аталмыш шара «Тамыры берік салт-дәстүр» деген атаумен өтті. Өнер жұлдыздары көненің көзі болып, атадан балаға мирас болып қалған ата дәстүрді сахналады.
Жиында сөз алған жастар мәдениет үйінің директоры халықты Әз-наурыз мерекесімен құттықтап, ақ жарма тілегін арнады.
Шара барысында өнер иелері дүнеиеге келген сәбиді бесікке салу, қырқынан шығару, ат қою мен тұсау кесу рәсімдерінен көріністер көрсетті.
Салт-дәстүрден бөлек өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған дастарханнан дәм татқызды.