Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Колледжге түсетіндер емтихан тапсырмайды

c 17:43, 16/03/2021 c 534

0:00 / 0:00

Енді тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледжге түсетін болса,  емтихан тапсырмайды. Бұл жайында Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова хабарлады.

Депутаттар техникалық-кәсіптік білім беру мәселесін талқылаған еді. Еңбек нарығында тапшы болып отырған мамандықтар бойынша жұмыспен қамту мәселесі ақсап тұр дейді мәжілісмендер.

Қазақстанның білім беру саласы баяғы форматты қайта жаңартуда. Жекенің қолында кеткен оқу орындарына түсу жағдайы жоқ отбасылардың балалары үшін қиынға соғуда. Баласы нанын тауып жейтін мамандықты игерсін деген үміттегі ата-ана несие алса да оқытып жатыр. Жыл сайын 9-сынып түлектерінің 30%-і және 11-сынып бітіргендердің 50%-дан астамы ақылы оқуға түседі.

Қазір орта білім беретін колледжердің өзінде де оқу ақысы шарықтап тұр.  Енді тоғызыншы сыныпты бітірген түлектер колледжге түсетін болса,  емтихан тапсырмайды.

Колледждердің білім бағдарламалары кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының талаптары негізінде жұмыс берушілермен бірлесіп жаңартылатын болады. Колледждер студенттерді оқыту мерзімін өздері белгілей алады. Мысалы, колледжге 9-сыныптан кейін түскен студенттер бұрынғыдай 3,6 жыл емес, екі жыл ғана оқиды. Ал 11-сыныптан кейін түссе, 2,6 жыл емес, бір жарым жыл оқиды.Гранттар саны да кезең-кезеңмен артады деп отыр білім министрлігі. Алайда, қолында дипломы бар жастарды жұмыспен қамту мәселесі шешілмеуде. Мәжілісмендер жастарды жұмыспен қамтыдық деген еңбек министрлігінің статистикасы шындыққа жанаспайды дейді.

Берік Әбдіғалиұлы - ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Кадр тапшылығының сұранысы шешілмей отыр. Министрлік жастардың 60 пайызын жұмыспен қамтыдық десе, Атамекен кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, олар өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрмаған. Яғни құрылысшы мамандығы бойныша бар-жоғы 14 пайызы ғана жұмыс таба алған. Ал пандемия барысында құрылыс саласында маман тапшы болды».

Тізе берсек, экономиканың қай саласында болсын білікті маман тапшылығы орын алуда. Ал мыңдаған түлек қолындағы дипломмен жұмысқа тұра алмай сандалып жүр. Себебі,бізде таныс-тамырсыз жұмысқа тұру мүмкін емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.