Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақ ұлпаның әлегі

c 17:30, 11/03/2021 c 541

"Қалың қар үй маңы мен жолды басып қалды." Осылай деп 8-ші мектеп ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Айтуларынша, көшеде орналасқан арықтар қардан ашылғанымен ақ ұлпа сол маңда қалатын көрінеді. Қазір жинала-жинала таудай болған. Қыс келіп, қар жауса болды тек арықтың іші аршылып, айналасы сол күйде қалатын көрінеді. "Бұндай көрініс 30 жылдан бері қайталанып келеді. Қалың қар жауып, ақ түтек боран орнаса арықтан шығарылған қардан тіпті үйлердің дуалдары көрінбей кететін жағдайға жетеміз",-дейді тұрғындар.
"Күн жылып, қар күрт ерісе, баспанамыз су астында қала ма?" Осы сұрақ қорқынышты түс секілді жергілікті тұрғындардың мазасын алып біткен. Өйткені жыл сайын бір көрініс. Жиналған қар көктем ортасында еріп, аулаларды су жайлап кететін көрінеді. Ал көшемен қатынаудың өзі бір мұң. "Көліктер балшыққа батып, балалар өздігімен жүруден қалады",- дейді тұрғындар. Осы жолы да ашылмай жатырған қардың еруінен бұндай көрініс қайталанбасына кім кепіл?
Қардың мәселесімен жауапты мекемеге аяқтай барып, жолығып көрдік. Мекеме басшысы жағдайдан құлақдар екен. Тек қолда бар жұмыс күштері үлгермей жатырғанын жеткізді. Айта кету керек, "Жайық Таза Қала" ЖШС көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша қар шығару жұмыстарын екі аусымда атқарып жатыр.
Расымен, тұрғындарға өзекті болған мәселені арна тілшілері көтергені сол еді 8 мектеп ауданындағы арық бойындағы ақ ұлпа қарлар тазартыла бастады. Сол маңдағы тұрғындардың хабарлауынша, қордаланған мәселе іс насырға шаппай шешімін тауып жатыр. Жалпы БҚО-да 85 елді-мекеннің су астында қалу қаупі бар. Осы қауіптің алдын алу мақсатында қалың қарды уақытылы шығару жұмыстары күндіз-түні жасалуда.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.