0:00 / 0:00
Сырым кедендік өткізу бекетіндегі жүк көліктер кептелісі толықтай жойылды. Әлеуметтік желіде желдей ескен мәлімдемеде айтылған ұзын сонар кезектің негізгі себебі - Ресей тарапынан жолдардың қардан тазартылмауы болған көрінеді.Өңірде барлығы 6 шекарадан өту бекеті болса, карантиндік шектеулерге байланысты олардың екеуі уақытша жұмысын тоқтатқан. Яғни, ең маңызды саналатын Сырым шекара бекетімен күніне 2000-ға жуық көлік қатынайды. Жасыратыны жоқ еліміз бен Еуропаны байланыстырушы батыс қақпа саналатын осы бекетте түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жиі тіркеледі. МКД мамандарының таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, былтыр осы бекеттен өткен 304 жүк көлігіндегі тауарлар құжаттарында кемшіліктер анықталып, қазына қаржысы - 45 млн. теңгемен толықса, айыппұлдар нәтижесінде 1,2 млн.теңге кіріс кірген.
Жуырда әлеуметтік желілерде жарияланған кептеліс туралы ақпараттың растығы дәлелденді. Алайда бұл кептеліс Ресей аумағындағы жолда тіркелген. Өйткені тас жолдағы қардың уақытылы тазартылмауы мәселенің ушығуына себеп болған. Жалпы шекара бекетіндегі жағдайлар мониторингтік топ назарында. Айта кеткен жөн, шекара бекетіндегі мамандар тапшылығы мен техника жетіспеушілігі туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жоққа шығарды.