Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дерт дендеп барады

c 18:46, 10/03/2021 c 707

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының əкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алуға байланысты штаб отырысы өтті. Онда облыстағы эпидемиологиялық ахуал талқыланып, аурудың әлі де болса азаймай отырғаны айтылды. Айта кету қажет Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары ауру таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймақтар тізіміне енді. Осы орайда өңірде эпидахуал әлі де тұрақсыз екенін еске саламыз. Індетті күніне 30-80 адам жұқтырып отыр. Облыс бойынша 4244 адам КВИ жұқтырған. Өткен апталармен салыстырғанда соңғы жұмада коронавирус бойынша аурушаңдық бес пайызға азайған. Науқастардың 39,6 пайызы ЖРВИ бойынша тексерілгенде, 39 пайызы науқастардың отбасы мүшелерін тексергенде, қалғандары профилактикалық бағытта қаралғанда анықталған. Мамандардың айтуынша демалыс күндері жеке лабораториялардың жұмыс жасамауы себепті бұл күндері ауру көрсеткіші төмендегенімен жұқтыру дерегі артып отыр.Яғни, үй ошағында оқшаулану тәртібі сақталмағандықтан, ковид кемі үш-төрт адамға жұғады. Сол себепті отбасылық шараларды уақытша тоқтату қажет екені тағы да айтылды. Сондай-ақ жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков емханалар мен ауруханаларда тәулік бойы кеңес берілетінін айтып өтті.Штаб отырысында «Алда Көрісу күні, содан кейін Наурыз мейрамы келе жатыр. Сондықтан осы мерекелер кезінде ең алдымен сақтықты ұмытпай, іс-шараларды онлайн өткізу керек»,- деді Нұрлыбек Мұстаев. Осыған орай өңір басшысы Ғали Есқалиев мониторингтік топтар жұмысын күшейтуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.