Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электр энергиясы қымбаттайды

c 18:01, 09/03/2021 c 535

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылы электр энергиясы қымбаттайды. Энергетика министрлігі ендігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Бұйрықта  тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру көзделген.  Бағаны өсіруге энергия өндіруші ұйымдардан келген өтініш себеп болып отыр. Көмір бағасы артқан, газ тасымалдау шығыны өскен, жөндеу жұмыстары қажет болып отыр деген негіздерді алға тартады энергия өндіруші ұйымдар.

Энергетика министрлігіне  37 энергия өндіруші ұйымнан шекті тарифтерді арттыруға өтініш түскен.  Жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемақы, энергия өндіруші ұйымдардың шығындарының көбеюі себеп болып отыр. Көмірдің бағасы өсті, газ қымбаттады,жөндеу жұмыстарының шығыны көбейді, қазандықтар тозды  деген себептерін алға тартады энергия өндіруші ұйымдар. Басты мәселе, энергетика саласындағы қызметкерлердің жалақысы аз дейді.

Осылайша,энергетиктердің материалдық жағдайын жақсарту үшін, таяқтың бір шеті тұтынушы яғни қара халыққа тиетіні сөзсіз. Еске сала кетейік, 2013 жылы «Инвестиция тартып, тарифті реттейміз» деген бағдарлама қабылданғанды. Энергия өдіруші стансаларға  2-3 есеге тариф өсті. Есесіне, олар күрделі жөндеуге ақша құю керек болды. Ал 2018 жылы бұл бағдарлама аяқталды. Алайда, олар 2019 жылға дейін қымбаттаған тарифпен жұмыс істеді. Ал  құзырлы орган тарапынан бұл жұмыс бақылаусыз қалды.  Енді энергия көзі 30 пайызға дейін қымбаттайды дейді сарапшылар. Себебі, энергия өндіретін жабдықтардың 60 пайызы тозған. Мамандардың айтуынша, кейбір заңды тұлғалар электр энергиясын 4 теңгеден, ал балабақша, мектептер 40 теңгеден алады.  Алайда, бюджет заңнамасында жекеменшік компанияларға бюджеттен дотация бөлуге тиым салынған. Тарифтегі бұл теңсіздік қазына қаржысын жасырын жымқырудан орын алған дейді сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.