Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпенің тағы бір партиясы келді

c 17:06, 05/03/2021 c 620

0:00 / 0:00

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, облыста эпидемиологиялық ахуал әлі де болса күрделі. Күніне шамамен 50-мен 70 аралағында науқастар тіркелуде. Аурудың басым бөлігі науқастармен қарым-қатынаста болғандардан анықталуда. Мәселен, індет басталғалы өңірде КВИ инфекциясын жұқтырудың 13 мыңнан аса жағдайы тіркелсе, ақпан айында ауру жұқтыру 3,2 пайызға төмендепті. Айта кететін бір жағдай шекарадан облыс аумағына өткен жүк көлік жүргізушілері ПЦР тестінің қортындысынсыз енуде. Олардың арасында вирус тарату көрсеткіштері дерттің дендеуіне де себеп болып отыр.Аурудан айығудың ең тиімді тәсілі-оған қарсы вакцина қабылдау. Осы орайда жаппай екпе жасау 1 ақпанда басталғаны баршаңызға аян. БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, вакцинация кесте бойынша жүргізілуде. Ал 22 ақпаннан вакцинаның екінші компонентімен егу басталған.Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 77 науқас емделуде. Ал 591 төсектік 7 инфекциялық стационарда 284 адам жатыр. 17 науқас жансақтау бөлімшесінде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес аппаратқа 8, оттегі концентраторына 7, орталықтандырылған оттегі көзіне 92 адам қосылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.