Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НӘЗІК ЖАНДЫ ПОЛИЦЕЙ

c 16:45, 05/03/2021 c 664

0:00 / 0:00

Оқушы кезден темір тәртіпке бағынып сап түзеп полиция қызметкері болуды армандаған Дариға бүгінде полиция капитаны. 2006 жылдан бастап ІІМ қызмет атқарып келеді. Осы кезге дейін түрлі лауазымда отырып, біраз қызмет атқарды. Бүгінде білдей 6 мектепке жауапты ювеналды полиция бөлімінің инспекторы.
Нәзік жанды ару полиция қатарында 15 жылдай жұмыс жасап келеді. Қызметінің ауырлығына қарамастан бір мезет болса да таңдауыма өкінбедім дейді біздің кейіпкер. Талай жылғы еңбектің арқасында шен үстіне шен қосылып, бүгінде капитан қыз білім ошақтарындағы тәртіпке жауапты. Құқық қорғау қызметінің жұмысы ауыр, жауапкершілігі жоғары, тек ер азаматтарға арналған мамандық сынды. Дегенмен, осы мамандықты таңдаған нәзік жандардың қатары артып келеді. Дариғаның айтуынша, бөлімде 13 нәзік жанмен иық тіресе қызмет атқарып жүр. Ал басшылық Дариғаның жұмыстағы алғырлығы мен талапшылдығын атап өтті.
Дариға жұмыста капитан, ал үйде екі қыздың анасы, шаңырақтың ұйытқысы. Жолдасы да өмірін осы мамандықпен байланыстырған. Сонымен қатар, таэквондадан спорт шебері. Қара белбеуден 1 дан иесі. Түрлі сайыстарға қатысып жеңімпаз атанған. Сұхбат барасында қазақстанның 3 дүркін жеңімпазы екенін айтып қалды. Барша нәзік жандарды мамандық таңдауда қателеспеуге шақырды. Абыройлы полиция қызметкері болу қыздардың да қолынан келетін дүние екенін біздің кейіпкер дәлелдер отырғандай.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.