Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медицина мәселелері талқыланды

c 15:51, 05/03/2021 c 664

2020 жылы БҚО-да 129 сәби шетінеген. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Шақалақтардың шетінеуіне бірнеше себеп бар. Оның бірі диспансерлік есепте тұрған әйелдерді оңалту жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеу мен жүктілікті жоспарламау да жағдайды қиындатып отырған көрінеді.

Былтыр облыста бір жасқа толмаған 129 сәби шетінепті. Өлім-жітім 9,43 промильді құрап отыр. Республика бойынша шақалақтардың шетінеуі 7,8 промильге тең болуы қажет. Ұлттың саулығын қалыптастырып, ертеңге нық сеніммен қарау үшін ана мен баланың саулығы керек. Медицина саласының ардагерлері сәбилердің өліміне бірнеше себеп барын айтады. Бірінші кезекте әйел адамдардың саулығын дұрыс тексермей, ауылдық жерлерде амблоториялардың жоқтығын тілге тиек етті. Бұрындары 1000 тұрғыны бар ауылдық жерде науқастар қаралатын амблотория болған.

Медицинада қордаланған мәселелер көтерілген жиында қоғам белсендісі Нұрлан Сәдір батысқазақстандықтардың ем іздеп шекара асып, Ресейге барып емделететінін, не болмаса астана мен Алматы асатынын айтты. Қоғам белсендісі мұның себебін кадрлардың біліксіздігінен, не болмаса құрал-жабдықтың жеткіліксіз болуынан,- дейді. Және жиында көтерілген тағы бір мәселе ол кардиорталықтың ғимараты еді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі мамандарға медицина саласындағы олқылықты түзетудің жоспарын құру үшін бір айдай уақыт берді.

 

Сурет https://ru.slovoidilo.ua/ сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.