0:00 / 0:00
Оралда автогаз тапшылығы байқалды. Энергетиктер бұны Атыраудағы газ өндіруші компанияның жөндеу жұмыстарына байланысты туындап отырған уақытша мәселе дейді. Газ тапшылығының кесірінен қаладағы сұйық отын құю бекеттерінде газ талонмен ғана берілуде.Қазір қаладағы газ құю бекеттеріндегі баға әр алуан. 64 теңгеден басталады. Газын арзанға сатқан бекеттердің алды көлікке толса, сұйық отынды қымбатқа пұлдаған жерлерде мұндай көріністі байқамайсыз. Бірақ арзан газға қолы жетпегендер амалсыз шарықтаған бағаға көндігуге мәжбүр.Бұл мәселені энергетиктер «уақытша»,- деп сендірді.Айта кетейік, облыста барлығы 103 жанар-жағармай құю бекеті болса, олардың 45-інде газ құю қондырғысы орнатылған. Ал Оралдағы қоғамдық көліктердің 90% газбен жүретінін ескерсек, мәселенің уақытында шешілмеуі үлкен дау туғызатын түрі бар.