0:00 / 0:00
"Әйел -бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлем тербетеді" деп заңғар жазушы Мұхтар Әуезов әйел адамның рөлін бір-ақ ауыз сөзбен сипаттап берген. Бүгінде ерлермен иық тіресіп, қиын жұмысты атқарып, үйінде баласын да тәрбиелеп жүрген жандар көп. Жыл санап әйел адамның атқармайтын қызметі кемде кем болып барады. Бірі ғарышты зерттесе, енді бірі темір тұлпарды тізгіндеп, ел мен жердің амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Мереке қарсаңында ТДК-42 телеарнасының түсірілім тобы нәзік жандылар сирек таңдайтын мамандық иелерімен жүздесті. Солардың бірі -170/1 түзету мекемесінде аға бақылаушы болып қызмет жасайтын Жазира Мұхамбетжанова.
Түрлі мамандықты меңгеріп, сан түрлі қызметті абыроймен атқарып жүрген нәзік жандылар көп. Бірі қару асынып, елдің тыныштығын күзетсе, енді бірі елдің намысын түрлі додада қорғап, темір тұлпардың құлағында ойнайды. Ал түрмеде бақылаушы болып жасайтын жандардың қатары көп емес. Біздің кейіпкеріміз түзету мекемесінде 14 жылдан бері тапжылмастан қызмет жасап келеді.
Түзету мекемесінің басшылығы аға бақылаушы Жазира Мұхамбетжанованың қызметке асқан жауапкершілікпен қарайтынын, қызмет бабында олқылық жібермегенін айтады.
Кез келгеннің жүрегі дауалап, батылы бармайтын темір тордың арғы жағында жұмыс жасап жүрген Жазира Мұхамбетжанова қызметіне әбден үйренген. Кейіпкеріміз жұмыс барысында тыйым салынған заттар табылып жататын кездер болады,- дейді.
Жазира ханымға темірдей тәртіпке бағынып, жұмыс жасау бала кезінен жақсы таныс. Оның атасы мен үлкен ағасы осы салада жұмыс жасаған. Бүгінде кейіпкеріміз бала күнгі арманын орындап, қызығы мен қиындыққа толы, моральдық, психологиялық тұрғыда ауыр соғатын қиын жұмысты ерлермен бірге бірдей еңсеріп жүр!