0:00 / 0:00
Орал қаласында су жаңа ірі спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі қатысып, кәсіп иелеріне құтты болсын айтты. Жаңа жоба салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қатарын толықтырмақ.
Облыс орталығында ірі спорт кешені іске қосылды.Жаңа нысанның жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Спорт кешенінде футбол алаңы жасақталған. Қазіргі таңда жас аяқ допшылар жаттығуларына кірісіпті.
Және жаңа нысанда балаларға арналған бассейн де ашылды.
Бүгінгі күннен бастап есігін айқара ашқан нысан 40 шақты маманды жұмыспен қамтып отыр. Меншік иелері нысанның құрылысын екі жылдай жүргізгенін айтады.
Көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін балалар орталықта тегін жаттықпақ.