Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒА АЛҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

c 17:34, 26/02/2021 c 449

0:00 / 0:00

Осыдан бірнеше күн бұрын президент Тоқаев ұлттық кеңестің отырысында жер шетелдіктерге сатылмайды деп кесіп айтты. Осы шешімді заң жүзінде бекіту қажет деп тапсырма жүктегені есімізде. Қазақ халқын бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ұлан байтақ жердің тағдыры қашан да алаңдатып, шетелдіктерге сатылып кетеді ме деген ой маза бермей келгені жасырын емес. Облыстық әкімдікте осы жер комиссиясының отырысы өтті. Бүгінде БҚО-да 1 млн гектарға жуық игерілмей жатқан жер телімдері бар. Бүгінде жерді алып, бірақ оған тер төгіп еңбектенбейтін шаруалармен жұмыс жолға қойылыпты. Бірақ атқарылуы тиіс шаруа шаш етектен.

БҚО-да үш жылда игерілмей жатқан 1 млн гектарға жуық жер телімдері анықталған. Мемлекет меншігіне 141 мың гектар қайтарылыпты. Оның тең жартысы қайтадан жұмыс жасайтын шаруаларға берілген.

Ауыл шаруашылық жерлерінен бөлек облыстың экономикалық әлеуетін арттыратын инвесторларға жер телімдерін беру мәселесі де талқыланды. "Ақжайық" әлеуметтік корпорациясының төрағасы бүгінгі таңда 25 инвестор бизнестерін дамыту үшін жер телімдері берілгенін айтады.

Қазіргі таңда Орал қаласында әлеуметтік маңызы бар жергілікті өндірушілердің тауарлары саудаланатын "Ел-ырысы" атты 10 шағын маркет жұмыс жасайды. Облыс әкімі осы шағын дүкендерде азық -түліктің бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайыз төмен болу керек деп тапсырма жүктеді.

СУРЕТ https://www.kubanmakler.ru/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.