Орал қаласында бадминтоннан ел біріншілігі басталды. Республикалық чемпионат мықты споршылардың басын қосты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жарыста 60 спортшы бақтарын сынап жатыр. Додаға елімізде бадминтон бойынша жоғары рейтингке ілігіп, жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүрген спортшылар шақырту алыпты. Жексенбіге дейін Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Түркістан және Батыс Қазақстандық спортшылар бас жүлдеге таласпақ. Чемпионатта көзге іліккен қатысушылар ұлттық құраманың сапына еніп, ел намысын түрлі додада қорғайды. Командамыз Қазан қаласында ұйымдастырылатын жарысқа дайындықтарын пысықтап жатыр. Наурызда Орал қаласында жасөспірімдер арасындағы республикалық чемпионат ұйымдастыралады.