Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Атырауда жол сапасы талапқа сай ма?

c 12:55, 25/02/2021 c 704

Қала ішіндегі жолдардың сапасы қыс мезгілінде көп сынала бермейді. Қандай ой-шұқыр болмасын қар құрсауы тегістеп, керісінше айнадай етеді. Көктайғақ күні жүргіншінің қаупсіздігін қамтамасыз ету үшін коммуналды қызметке жауапты мекеме асфальт үстіне құм, тұз басқа да химиялық реагенттер себеді. Оның сапасы талапқа сай ма? Атырау көшелері қардан қаншалықты тазарды? жауап іздеген "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК АОФ "Сапалы жол" жобасы аясында "Атырау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі, Антикор орталығы және Атырау қалалық ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімі өкілдерімен қалаішілік жолдарды қардан тазалау жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Атырауда ақпан айының ортасынан бері әлсін-әлсін жауған қар жолшылардың жұмысын екі еселеді. Орталық мамандары қыстың соңғы айында жоспарға сәйкес республикалық жолдардың күтімін қарау үшін 9 рет тексеріске шықты. Ал, 18 -20 ақпан аралығында көктайғақ салдарынан жабылған жолдардың жай-күйін және қалаішілік жолдардағы қардан тазалау жұмыстарын бақылады. Қала көшелеріне шыққан мониторинг топ қала халқына коммуналдық қызмет көрсететін "Арнаулыавтобаза" ЖШС жұмысымен танысты. Қалаішілік жолдарға 6 тоннадан астам ресейлік химиялық қоспа себілген. Алайда, серіктестік басшысының мәліметінше, оның сапасы күткеннен төмен болыпты. Сол себепті қазір Индерден әкелінген тұз пайдаланылуда. Мониторинг кезінде тұзға құм қосылмағаны анықталды. «Жол активтерінің үлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашовтың айтуынша, Тұз пайызының аса көп мөлшерде болуы асфальт жабындысына зиян.

«Жақсы, сапалы жол бізге жаз мезгілінде де керек. Сондықтан, қар, мұзға қарсы себілетін қоспалардың стандартқа сай болғаны дұрыс. «Арнаулыавтобаза» ЖШС мен біздің орталық арасында келісім-шарттың болмауына байланысты зертханалық тексеріс жүргізе алмаймыз. Егер келісім-шарт жасалған жағдайда біз жолды қысқы күтіп ұстау жұмыстарын және пайдаланылып жатқан қоспалардың сапасын тексереміз. Мониторинг кезінде көргендеріңіздей құм-тұз қоспаларын пайдалануда стандарттар сақталмай жатыр.»

Сондай ақ, орталық директорының айтуынша, қалаішілік жолдарға көктайғақ кезінде пайдаланылатын химиялық қоспалардың зертханалық қорытындыға сай сертификаты бар-жоғын тапсырыс беруші Атырау қалалық Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы,ж олаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі талап ету қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.