Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қолжетімсіз баспана

c 18:27, 24/02/2021 c 490

0:00 / 0:00

Шенеуніктердің былығынан кейбір отбасылар үйсіз қалды. Депутат Ерлік Өмірғали Үкімет басшысы  Асқар Маминге жолдаған сауалында, халықтың осал топтарын баспанамен қамту мәселесіне көңіл бөлуді сұрады. Мәжілісмендер әр қалада баспанаға электронды кезек енгізіп, адамдарға өз кезегі мен басқаларға пәтерлердің бөлінуін емін-еркін қадағалауға мүмкіндік беру керек дейді. Олардың айтуынша,  мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспаналарды жауапсыз шененуіктер өз адамдарына беріп жатыр.

Он жылдап баспана кезегінде тұратын көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен жетім балалар, жалғызбасты аналарды үймен қамту мәселесінде шикілік орын алып отыр. Әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамту үшін мемлекетік бағдарламалар әзірленіп, бекітілген. Қазынадан жүздеген миллиард теңге бөлінеді. Алайда, мемлекеттік баспананы өз  меншігіндей көретін кейбір шенеуніктер қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, әлеуметтік баспананы кезекті сақтамай, заңсыз өз адамдарына беріп жатыр. Мәжілісмен Ерлік Өмірғали үкімет басысына жолдаған сауалында шенеуніктердің осындай былықтарын тізіп берді.

Ерлік Өмірғали – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -"Алайда, өкінішке қарай, жауапсыз шенеуніктер қызметтік өкілеттігін пайдаланып, әлеуметтік баспананы кезектілікті сақтамай, заңсыз өз адамдарына беріп жататын жағдайлар аз емес. Шенеуніктермен ауыз жаласқан адамдар үйді бір емес, екінші рет алып, оны қайта сатып немесе  жалға береді. Ал жылдар бойы үй кезегін күтіп жүрген мүгедектер мен көпбалалы отбасылар шетте қалады. Олардың кезегі жылжымайды, тіпті кейін шегеріледі"

Депутаттың айтуынша, соңғы үш жылда "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде шенеуніктер тұрғын үйді заңсыз берудің 400-ден астам фактісін жасаған.  Заңды белден басқан мұндай деректер   Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тіркеліп отыр.Осылайша  үйсіз отырған 2320 адамның құқығы  тапталып отыр. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін, әр қалада баспанаға электронды кезек енгізіп, адамдарға өз кезегі мен басқаларға пәтерлердің бөлінуін емін-еркін қадағалауға мүмкіндік беру керек дейді мәжілісмен.

Ерлік Өмірғали – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Біріншісі – әр қалада тұрғын үйге ашық электронды кезек енгізу және оны қолжетімді ету. Кезекте тұрған әр адамға өз кезегі мен басқаларға баспананың бөлінуін емін-еркін қадағалауға, кезектілік бұзылған жағдайда алаяқтықты анықтауға мүмкіндік беру қажет.Екіншісі – әкімдіктер берген әлеуметтік тұрғын үйлерге ревизия жүргізу. Егер пәтер басқа адамдарға қайта сатылса немесе жалға берілсе, мұндай баспананы алып қойып, заңды кезекте тұрған мұқтаж жандар арасында қайта бөлу қажет».

Ақжолдықтар үкімет басшысынан өңірлердегі әкімдіктердің әлеуметтік әлжуаз топтарды тиісті баспанамен қамту мәселесін жіті назарға алуын сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.