0:00 / 0:00
2020 жылы БҚО-да қаралған қылмыстық істердің 59 пайызы адам өлтіру бабы бойынша қаралған. Қалған қылмыстық істер зорлық-зомбылық көрсету, есірткі саудасына тиесілі. Былтыр қылмыстық сотқа 44 іс келіп түскен. Соның 35-сі аяқталыпты. 38 азаматқа ауыр қылмысқа барғаны үшін бас бостандығынан айыру туралы үкім кесілген.
Былтыр облыстық қылмыстық сотта қаралған істер резонансқа толы болды. Солардың бірі - Тасқала ауданында өзінің жұбайы мен екі қызын тірілей отқа жағып жіберген Капизовтың ісі. Қылмыс бұқараны дүрліктіріп, азаматтардың жағасын ұстатты. Сот жұбайы мен қыздарын өлтірген қылмыскерге өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім кескен.
Қылмысқа барып, адам өлтіру, зорлық-зомбылық жасап, адам денсаулығына зиян келтіру, заңсыз есірткі саудалау жайттары жыл санап артып келеді. Былтыр сотқа 44 қылмыстық іс келіп түскен. Оның 38-і аяқталып, тиісті үкім шыққан. Заңды аяққа таптап, бөгде адамға залал келтірген 38 тұлға бас бостандығынан айырылған. Соттың төрағасы: "Жыл санап алқа билермен қаралатын істердің саны артып келеді",-дейді. 2020 жылы бес іс қаралған. Алқа билердің барлығы да айыптау үкімін шығарыпты.
Сурет astana.sud.kz сайтынан жүктелді