Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала әкімі есеп берді

c 18:28, 17/02/2021 c 472

0:00 / 0:00

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғындар алдында онлайн есеп берді. Бұрындары офлайн форматта өтетін жиындар 3-4 сағатқа ұласса, бұл жиын қысқалығымен есте қалмақ. Сонымен әкімнің тұрғындарды толғандырған сауалдарды шешу үшін қалай жұмыстанғысы келетініне тоқталсақ. Әрине, азаматтарды бірінші кезекте баспана мәселесі толғандырады. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 21 мың адам тұр. Жыл санап түрлі санат бойынша кезекте тұрған азаматтардың санын қысқарту үшін биыл 10 көпқабатты тұрғын үй салынбақ.

Бірнеше жылдан бері жер телімдерін бөліп беру мәселесі өз шешімін таппай келеді. Бүгінде 72 мың адам жер үшін кезекте тұр. Қанша жыл өтсе де бұл тізім алға жылжыған емес. Себебі, қазіргі ереже бойынша жер участоктарына су, газ бен электр желілері тартылуы керек.

Қала көшелерінде қатынайтын автобустардың жағдайы сын көтермейді. Ақпанның саршұнақ аязында жиі бұзылып, аялдамада азаматтар қатып-семіп тұрады. Биыл 100 автобус жаңартылмақ. Әкім бұл үшін субсидияның көлемін арттырамыз,-дейді.

Оралдықтар үшін ауыз су мәселесі өзекті болып отыр. Аптап ыстықта вирус өршіп тұрған шақта тұрғындар ауыз суды үнемдеп, үйдегі барлық бос ыдысқа су жинап, күнелткені есімізде.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.