Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантинде өзгерген кәсіп

c 17:25, 10/02/2021 c 786

0:00 / 0:00

БҚО-да 170-тен аса тойхана мен мейрамхана, ал шаһарда 70-тен аса тойхана өз жұмысын тоқтатқан. Карантиндік шараларға байланысты кәсіпкерлер шығынға батып отыр. Сол себепті мейрамхана иелері тығырықтан шығудың барлық жолын қарастыруда. Дағдарыстан шығудың амалымен Орал қаласында кәсіпкердің тойханасы әкімдіктің қолдауымен енді шығармашылық орталық ретінде жұмыс жасайтын болды.
Расымен, екі қабатты тойхана 1 жылдан астам жұмыс жасамай келген. Кәсіпкер жеке қаражатына ғимараттың ішкі жұмыстарын жасапты. Зашаған кентінде орналасқан бұл орталық жұмыс күндері тұрғындарды күтетін болады. Өзге кәсіп көзіне айналған мейрамхана мен тойхана иелеріне мемлекет жалға алу ақысын төлеп береді. Шамамен бір шаршы метр ауданға қарастырылған демеу қаржының көлемі - 2000-2500 теңге аралығында. Кәсіпкер мен мемлекет 3 жылға дейін екі жақты келісімшарт жасайды.
Бұрынғы тойханада енді 14 үйірме жұмыс жасайтын болады. Иесі сұхбат барысында мемлекет тарапынан берілетін жалға алу құнын айтпады. Алайда ғимараттың көлемі 1724 шаршы метр екенін ескерсек, айына 4 млн астам қаражат шығып тұр. Ал өзге кәсіпкерлердің басым бөлігі бұндай қадамға әзірге дайын емес көрінеді. Жалпы Орал қаласында осы кезге дейін «Ақбосаға» банкет залы электротауарлар сататын дүкенге айналса, «Ай луна» мейрамханасы киім-кешек дүкені ретінде жұмысын қайта бастаған болатын.

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.