Орал қаласының тұрғындары қару-жарақтарын тапсырып жатыр. Бірі қаруынан біржол құтылса, бірі жаңа қаруын тіркеуге кіріскен. Барлық жұмыстың барысын, заңдылығын қару айналымына жауапты инспекторлар қадағалауда. Бұндай жұмыстар "Қару" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында жасалып жатыр. Қала тұрғындары 8-12 ақпан аралығында қаруларын заңдастыра алады. Алғашқы күні азаматтық немесе қызметтік қару сақтау тәртібін бұзған 9 адамға хаттама толтырылса, екі тұрғынға қару сақтау мерзімі аяқталуына байланысты хаттама рәсімделген. Осы уақыт аралығында инспекторлар қару иелерінің атыс құралдарын сақтау тәртібін тексеретін болады. Орал қаласында 4956 қару иесі бар екен.