0:00 / 0:00
БҚО Полиция департаментінің мамандары жыл соңына дейін ай сайын 30 отбасына азық-түлік себеттерін тарататын болды. Бүгін қайырымдылық шарасының алғашқы легі бастау алып, мұқтаж отбасылардың үйлеріне әлеуметтік маңызы бар тауарлар жеткізілді.кция аясында волонтерлер азық-түлік толы себеттерді жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар қарияларға, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеткізді. Волонтерлерлер қолға алған бұл бастаманы БҚО ПД бастығы Мақсұтхан Аблазимов қолдау көрсетіпті.Азық-түлік себетінде 10 келі картоп, 5 келі пияз бен 10 келі макарон және өзге де көкөніс түрлері бар. Оған қоса балалар үшін түрлі ойыншықтар да алынған.