Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрландыруға 1 млрд $ бөлінеді

c 18:26, 05/02/2021 c 637

 

0:00 / 0:00

Алдағы бес жылда елдегі цифрландыруды дамытуға шамамен 500 миллиард теңге тарту жоспарлануда. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт ЕАЭО елдері премьер-министрлері бас қосқан Digital Almaty форумы барысында айтты. Мемлекет басшысы бұл жиынға онлайн форматта қатысты. Тоқаевтың айтуыша, Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып Назарбаев Университетінің базасында жасанды интеллект ұлттық кластері құрылып жатыр.Алайда, жаңа технология жұмысшылар күшінің қысқаруына әкеп соғуы мүмкін. Әзірге бұл проблеманы шешу жолы табылған жоқ дейді Президент.

Цифрланған әлем. Бұл технология дамыған заман талабы. Енді адамдардың қатысуынсыз, біраз шаруа жасала береді. Бұрын адамдар жасаған жұмысты компьютерлер іске асырады. Ақылды телефон адамзаттың жүріс-тұрысын да бақылайды. Кез-келген сұраққа жауап іздеп

Google-ға сүйенсең жауабы дайын. Тіпті кептелісте тұрып қалмау үшін де, қалта телефоныңа жүгінесің.  Көлік шығару да автоматтандырылған.  Не керек, шаң сорғыштың өзі адамның көмегінсіз шаруасын тындыра береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті -«Осы мақсатта Назарбаев Университетінің базасында жасанды интеллект ұлттық кластері құрылып жатыр. Алдағы бес жылда цифрландыруды дамытуға шамамен 500 миллиард теңге тарту жоспарланды».

Ал елдегі цифрландыруды дамытуға не кедергі болып отыр? Біріншіден, кәсіпорындардың бәрі бірдей бұл технологияларды өндіріске енгізуге дайын емес. Себебі, бұл қымбатқа түседі. Сондай-ақ, адамзат цифрландырудың қармағына түсіп қалады деген қауіп бар. Яғни адамның барлық мәліметтері бір электронды форматта сақталып, алаяқтардың қолына түсіп, жеке мәліметтерін пайдаланып кету қаупі бар. Оған қоса, цифрландырумен 100 пайыз қамтылсақ, жұмыс күші қажет болмай қалып, жұмыссыздық артуы да мүмкін.

Әзірге Қазақстанда мәліметтерді облакоға беретін камералар бар. Ауа температурасын бақылайтын сенсорлы құралдар да жоқ емес. Ауаның ластануын бақылайтын жабдықтармен де қамтылғанбыз. Тіпті геодезиялық және топографиялық фото түсірілімдерді жасайтын аппарат, дәнерекелеу жүйесін жүргізетін роботтар бар. Шағын элементтерді басып шығаратын 3D-принтерлерді қолданамыз. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-і электронды форматқа көшкен.  Алайда, бұл цифрланудың шағын ғана бөлігі. Сондықтан Қазақстанға бұл салада тер төгіп жұмыс істеуге тура келеді дейді сарапшылар. Өз кезегінде қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басышларына жаңа технологиялар және жасанды интеллект саласында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған мемлекетаралық білім беру бастамасын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.