Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шектеулер күшін жоймайды

c 17:58, 04/02/2021 c 556

0:00 / 0:00

«Бізге жұмыс қажет, бір жылдан бері қол қусырып отырмыз отырмыз»,- деген Оралдағы жиырмаға жуық мейрамхана иесі банкет залдарының бірінде жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесіп, кәсіптерін жандандыруға рұқсат берулерін тағы да сұрады. «Тақырға отырдық»,- деген рестораторлар назына арна тілшілері құлақ асты.Оралда карантин талаптарына наразы бір топ ресторатор әкімдіктен тойханаларды ашуды тағы да талап етті. Олардың бұл алғашқы бас қосуы емес. Бір жылдан бері коронавирус пандемиясы кезінде табыстан қағылған кәсіпкерлер күнкөрістің мүлде қиындағанын айтады.Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес иелерінің барлық ұсыныстары үкіметке жолданғанын мәлімдеді.Бұған дейін облыс әкімі Ғали Есқалиев жедел штаб отырысында атап өткендей осы бағытта кәсіп ашқан бизнесмендерге қолдау көрсетілуде. Оралдағы мейрамханалар қажетінше өзге кәсіпкерлік субъектісіне айналуы тиіс. Бір жылдан бері жұмыстары тұралап тұрған рестораторлар күні бүгінге дейін бірнеше мәрте жұмыс жасауға рұқсат сұрап, мемлекеттік мекемелердің есігін қаққанымен нәубеттің беті қайтпағандықтан шектеу шаралары өзгеріссіз қалдырылады.Бүгінде облыс орталығындағы банкет залдарының 10 пайызы ғана өзге кәсіпкерлік нысанына айналған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.