Ақтаулық тұрғыннан заңсыз тасымалдаған 90 келіден астам бекіре балығы тәркіленді. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Маңғыстаулық полицейлер Ақтауға апарар жолдан бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған көлікті ұстады. Қала тұрғыны 90 келіден астам бекіре тасымалдаған. Полиция қызметкерлері Ақтау қаласының маңындағы автожолда Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатқан.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекшісі:
"Тексеру барысында жалпы салмағы 90 келіден асатын 26 дана балық тәркіленді. Бұл ретте 29 жастағы жүргізуші қандай да бір рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339 - бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр".