Өрт сөндірушілер үш адамды тілсіз жаудан құтқарды. Төтенше жағдай 3 ақпан күні сағат 10-дар шамасында болған. Ақ отау көшесі 24/1 мекенжайындағы бес қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып жатқаны анықталады. Қызыл жалын пәтердің 15 ш/м шарпып өткен. Оқиға орнынан өрт сөндіруші-құтқарушылардың күшімен 3 адам құтқарылған. Оның ішінде екеуі бала. 1 ер адам авто сатының көмегімен терезеден шығарылса, 2 баланы құтқарушылар есікті бұзып алып шыққан. Үйден барлығы 32 адам эвакуацияланды, оның жетеуі бала. БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 2 бала мен бір ер адам газбен уланып ауруханаға жеткізілген.