0:00 / 0:00
Орал халықаралық әуежайы ғимаратының құрылыс жұмыстары басталды. Бұған дейін 200 адамға дейін қызмет көрсеткен терминал құрылыс жұмыстары аяқталған соң халықарылық талаптарға сай 400 қонаққа дейін қабылдауға мүмкіндік беретін болады. Құны 6 млрд. 600 млн. теңгеге бағаланған халықаралық әуежай құрылысы аяқталған соң 400 адамға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы болмақ. Оған қоса бірнеше жұмыс орны ашылып, 100-деген маман жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Айта кеткен жөн, екі қабатты терминал екі бөлімнен тұрады және республикалық, халықаралық рейстерді бір мезетте қабылдап қана қоймай, қаладан аттанатын рейстерді ұйымдастыруға жағдай жасалады. Әрине бұл жоспарлар бір жылдан соң ғана жүзеге аспақ.Бүгінде 50-ге тарта жұмысшы құрылысқа қажетті дайындық шараларына кіріскен. Әуежай маңында қызу қарбалас. Техника мен жұмысшылар күн райының қолайсыздығына қарамастан тынымсыз еңбектенуде. КПО компаниясы қаржаты есебінен нысан толықтай қайтадан тұрғызылады. 2019 жылы ескі терминал түгел сүрілгендіктен қызмет көрсету 70 адамға шақталған қосалқы ғимаратта жүзеге асырылуда. Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бірнеше күту залы ретінде дүңгіршектер пайда болды.Естеріңізге сала кетеміз, наурыз айының 28-ші жұлдызынан бастап, қайтадан «FlyArystan» компаниясының ұшақтарымен «Алматы» мен «Орал» бағытындағы рейс жаңғыртылады. Оған қоса «SCAT» әуе компаниясымен де жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға келіссөздер жүргізілуде.