Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мүгедектердің  құқығы

c 20:00, 01/02/2021 c 481

0:00 / 0:00

Қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек министрлігін сотқа береміз деп отыр. Себебі, бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын  адамдарға берілетін жәрдемақы көлемі тым аз. Еңбек министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекет тарапынан базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қамтыған заң жобасын таныстырды. Аталмыш құжат Мәжілісте онлайн форматта тақыланды. Отырыс барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту, олардың күтушілеріне жәрдемақы төлеу, жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Тағдыр тәлкегіне түсіп, арбаға байланып қалған жандар үшін сыртқа шығып, таза ауа жұтудың өзі арман.  Себебі, бұл  әлеуметтік қызметкерлердің міндетіне кірмейді. Еңбек министрлігіне назын білдірген мүгедектердің айтпағы осы. Бүгінде тек мүгедектеге күтім жасайтын көмекшінің жәредмақысы төленеді. Оның құзырына мүмкіндігі шектеулі азаматты қажет жеріне апарып, алып келу кіреді. Ал онымен серуендеп жүру қарастырылмаған. Оның өзінде мүгедектің туыстары қарайды. Ол үшін 89 мың теңге алады. Алайда, осы соманың өзі 63 мың теңгеге қысқарады деп отыр. Осыған орай  мүгедектер қауымы еңбек министрлігін сотқа бермек. Алайда, вице-министр бәріне кінәні әкімдікке итере салып, ат -тонын ала қашты.

Ерлан Әукенов –ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі «Бізде сағатына 356 теңге төленеді. Оны көбейту мәселесін қарастыруға болады. Бірақ бұл сома жергілікті бюджеттен әкімдіктердің шама-шарқына қарай бөлінеді. Өткен жылы әкімдіктер біз осы мәселені көтергенде бірінші рет  тәулігіне сегіз сағатқа дейін көтерді.  Бірақ мұны бәрі бірдей еңсере алмайды. 4 сағаттың маңайында ғана».

Бұған дейін мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар елорда әкімдігіне келіп, мүгедек баласы бар отбасыларына  сатып алуға құқығымен жалға берілетін баспана беруді және жәрдемақы көлемін көтеруді талап еткенді. Аналардың айтуынша, мүгедек баласы көз жұмған жағдайда, ата-анасы баспанасыз далада қалуы мүмкін. Сондықтан оны нарық бағасынан төмен сомаға сатып алу құқығымен берсін деп отыр.

Көбінің  баспана алуы үшін бастапқы жарнаға салатын ақшасы да жоқ. Себебі, мүгедек баланың күтіміне қосымша қаражат керек. Тіпті, «Отбасы» банкі ұсынып отырған 2 пайыздық жеңілдетілген несиенің өзін еңсере аламймыз дейді олар. Мәжілістегі отырыста үшінші топтағы мүгедектер осы  мәселені көтерді. Алайда, шенеуніктер қолдау көрсетеміз деп жұбатқанның орнына, өздеріне тап  берді.

Ерлан Әукенов –ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі «Біз мемлекеттен баспана алуға құқылы азаматтардың алғанын қолдаймыз. Бұлар бірінші, екінші  топтағы мүгедектер және өмірбақиға  мүгедек болғандар. Ал үшінші топтағы мүгедектік бойынша  айтатын болсақ, олар екінші топқа өтуі мүмкін немесе ауруынан айығып та кетуі мүмкін.Өкінішке орай бізде, осы жағдайды өз пайдасына шешіп, мүгедектік  алу үшін жалған құжат дайындатып алатындар да бар. Толық емес отбасыларына келсек, адамдар кезекке тұру үшін қағаз жүзінде ажырасып та жатады.Біз бұл норманың адамдардың мүгедектік алуы үшін жалған құжаттар жасауына жол бергенін қаламаймыз».

Осылайша, еңбек министрлігі мүгедектердің басты талабын жауапсыз қалдырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.