Жасөспірімдер арасында үйлеріне қонбау, бөтеннің мүлкін қолды қылу немесе түнде көшеде жүру деректері тәртіп сақшыларын алаңдатып отыр. БҚО-да кәмілетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстар саны азайғанымен жоғарыда аталған факторлер көңіл көншітпейді. Жасөспірімдердің түнде қала көшелерінде жүрмеулерін тексеру, оларлың тарапынан орын алатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында Орал қ.ПБ ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары үкіметтік емес ұйымының жастарымен бірлесіп, түнгі рейдке шығуда. Шара барысында мектеп инспекторлары Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 442-бабына сай-кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуына байланысты алты жасөспірімді анықтады. Алты ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.Жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қараусыз жүрмеулері ескертіліп, ересектерсіз жүрмеулері талап етілді.