0:00 / 0:00
Орал қаласының Артығалиев көшесіндегі 4 пәтерлі үйдің 1-шісінде өрт болып, баспана түгел дерлік өртеніп кеткен. 22 сағат 22 минут шамасында басталған жалын көрші үйлерді де шарпыған. Тілсіз жау тек бір сағаттан кейін ғана толығымен сөндірілген. Өрт орнынан 1932 жылы туған зейнеткердің мүрдесі табылды. Марқұм өртенген пәтердің иесі екен. Ал аталмыш оқиғадан зардап шеккен көрші үйдің иелері сол күнді қорқынышпен еске алады.
Расымен, тілсіз жау бір отбасыны баспанасыз қалдырды. Көрші үйден шыққан жалын шатырды бірден жалмаған. Салдарынан төбе опырылып, жөндеуге келмейтін жағдайда түскен. "Сол күні балаларды алып бірден қаша жөнелдік",- дейді көпбалалы ана. Баспана тұруға жарамсыз. Қабырғалар сөгіліп, төбе түгел опырылып құлаудың аз-ақ алдында.
Баспанасыз қалған Лунара ханым 4 баласымен уақытша туған әпкесінде тұруға мәжбүр. Жолдасы болса өртенген үйді лекерге келтіру үшін тырбанып, ыс басқан қабырғалар мен төбені өз күшімен жөндеуге тырысып бағып жүр. Бірақ оған жалғыз өзінің күші жете қоюы неғайбыл. Бір түнде баспанасыз қалған жанұяға көмек қолын созам деген жандар табылса, төмендегі телефон нөміріне хабарласуына болады.
+7 747 - 510-57-20 Сариева Лунара Куанышкалиевна